16 Jambyl poslanie 1 Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы 2017 жылдың 12 сәуірінде «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған болатын. Онда Елбасы елімізді одан әрі дамыту бойынша өзінің көреген, сарабдал саясатынан туындаған көлемді тапсырмалар мен біртұтас ұлтты құру бойынша тиісті жұмыстармен және жауапты тұлғалар жөнінде бөліскен.
2017 жылдың 6 қарашасында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде аталған мақала жан-жақты талқыланды. Бұл шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің басшылық құрамы, басқарма аппаратының қызметкерлері мен қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары қатысты.
16 Jambyl poslanie 2 Шара барысында Өрт сөндіру мекемесінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Амантайұлы Қосыбаев еліміздің саяси және экономикалық дамуы баршамыздың рухани құндылықтарымызбен тығыз байланыста өтетіндігін тілге тиек етті. Ол сондай-ақ одан әрі «көпұлтты мемлекетіміз өзге елдерге өзін ынтымағының беріктігімен танытуда екендігін, елімізде әсіресе, Жамбыл өңірінде батырлар мен өз ісінің майталман шеберлері, рухы биік жеңімпаздардың көптеп табылатындығын қуанышпен жеткізді. Иә, мұның бәріне көп жылдық достықтың өз септігін тигізені айдан анық. Бір сөзбен айтқанда біз біртұтастығымызбен Елбасының бастамаларына қолдау көрсете алатындығымызды, осылайша еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қоса алатынымыз сөзсіз деп әңгімесін аяқтады Мақсат Амантайұлы Қосыбаев.
Сонымен қатар аталмыш шара барысында Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Айжан Қыдырбаева баяндамасымен ортаға шығып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде аталған мақаланың ішіндегі тағы бір маңызды нәрсе ол жаңа гуманитарлық білім екендігін тілге тиек етіп, кейінгі өскелең ұрпаққа жаңа әрі сапалы білім беру мақсатында дамыған елдердің тәжірибесі мен заманауи технологияларды қамтитын 100 жаңа кітаптың қазақ тілінде басылып шығарылуы қоғам мен гуманитарлық білімді дамытуға айтарлықтай үлес қосатындығын тілге тиек етті. Ол сондай-ақ жеке құрамның назарына елімізде бекітілген латын әліпбиінің қаріптерін ұсынды. Баяндама соңында ол облыс бойынша өткізіліп отырған 100 жаңа есім жобасынан жаңа есімдерді анықтауға үлес қосу үшін әр қызметкердің дауыс беру шарасына қатысқандары жөн екендіктерін жеткізді.
Айта кеткен жөн, осыған орай Тараз қалалық №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен 100 түп жеміс ағашы егілген болатын. Сонымен қатар Өрт сөндіру мекемесінің басқарма аппаратында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында қабырғалық ілінді.
Жалпы Қазақстан Республикасы Президентінің мақаласында XXI ғасырдағы ұлттық рухты арттыру мен шешудің нақты жолдары көрсетілген. Шара барысында салалық бөлімшелердің бастықтары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Шара соңында Қызмет бастығы Мақсат Амантайұлы Қосыбаев қызметкерлерге Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша тиісті тапсырмалар берді.
 
Нұрболат Өмірзақов
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
баспасөз хатшысы