15 Jambyl OSO Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы мекемесінде Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша семинар-талқылау өткізіп, құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Р.Т. Ибраева жолдаудағы ең маңызды сәті Қазақстанның Елбасы үшінші жаңғыруы басталғаны туралы жариялағанын айтып өтті. Оның мақсаты айқын, ол- әлемде ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Біздің Көшбасшымыз бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асатынына сенімді. Біртүтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы өз көзқарасыменбөлісті. Мақалада Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні- қазақ халқының рухани мәдениеті туралы сөз қозғады. Біздің ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рұхымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Қорытындылай келе, құтқарушылар: «біз мемлекетіміздің болашақ ұрпағы өзіміздің іс- әрекетімізбен және жұмыстағы оң нәтижелерімізбен Елбасымыздың идеологиясы мен саясатына қолдау көрсетуіміз қажет»- деп айтты.
 
Р.Т. Ибраева
ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы
ТЖД «Жедел құтқару жасағы»
ММ бас құтқарушы