9 VKO Latinc 1 Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, күнделікті тұрмысында кеңінен пайдаланып келеді. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт сонымен қатар азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар саласындағы жазбаша ақпараттар, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білдіреді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Үкіметте және өкілетті органдарда елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қазақ тілінің әліпбиі латын қарпіне ауыстыры бойынша жұмыстар атқарылу үстінде. Бұл үрдістің қоғам тарапынан қолдау тапқандығын, бұқаралық ақпарат құралдары облыстардағы мемлекеттік органдар мен түрлі ұйымдардың жайлап мекеме атауын, бастаманы қолдау туралы ілтипат және өзге де ақпараттарды латын әрпінде жазып бастағанын кеңінен жария жасауын да байқалады.
9 VKO Latinc 2 Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде латын графикасына ауысу үрдісін зерделеп, жаңадан жасалған латын қаріптерінің жазылуы мен оқылуына назар салуда. Жаңа қаріптерге ауысқан әліпбидің жайын түсініп, білу мақсатында департамент ұжымы арнайы түсіндіру-нұсқау отырысын өткізді. Бұл іс-шарада түсіндіру жұмысын Шығыс Қазақстан облысы лингвистикалық орталығының арнайы шақыртылған маманы жүргізді. Отырыстың мақсаты – ШҚО ТЖД ұжымының қызметкерлеріне жаңа латын қарпі туралы ақпарат беріп, қазақ тіліндегі төл дыбыстардың латынша жазылуындағы ерекшеліктерді назарға алу. Қызметкерлер жаңа әліпби жөніндегі мағлұматты тыңдау барысында өз ойларымен бөлісіп, түсінбеген тұстары бойынша сұрақтар қойып нақтылады. Отырыста ТЖД қызметкерлеріне латын қарпімен ауыстырылған жаңа әліпби үлгісі үлестірілді. Осы орайда төтенше сала қызметкерлерінің аталған жаңашылдықты біліп, игеруге деген құлшыныстары зор екендігін атап айтқан жөн.
«Латын әрпіндегі әліпбиге ауысу – заман талабы. Елбасымыздың, дамыған 30 елдің қатарына ену жолында жасаған нақты шарасының бірі латын қарпіне ауысу үрдісін ШҚО ТЖД ұжымы толығымен қолдайды. Себебі Отанымыз дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, болашақта бір тілде үндесуіне мүмкіндік беретін ең оңтайлы жол - әліпбиімізді латын қарпіне ауыстыру екені сөзсіз», - деп ШҚО ТЖД кадр жұмыстарының қызметінің бастығы Бауыржан Жүрекбаев азаматтық көзқарасымен бөлісті.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті саладағы жаңашылдықтар мен өзгерістерді уақытылы нысанаға алып, өз қызметінде қолданады. ШҚО ТЖД қызметкерлері алдағы уақытта жаңа латын қарпінде мемлекетіміздің барлық аумағындағы төтенше жағдайлар мекемелерінің жетістіктері, осы салада жасалған іс-шаралар және нәтижелер туралы тек жағымды ақпараттар жариялануына тілектес.
 
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД