14 ZKO poslanie 2 Мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасы халқына жыл сайынғы жолдауында әрқашан қоғамдық-саяси өмірдегі маңызды жайттар ұсынылып, бүгінгі таңдағы тез өзгермелі ақиқатты есепке ала отырып, елдің негізгі қозғалыс бағытын көрсетеді. Республиканың ұзақ мерзімдегі тарихи келешегінің қозғалысын анықтайтын биылғы Жолдау міндеттердің ауқымдылығымен және алуандылығымен ерекшелініп, жағымсыз кедергілерді еңсерудегі жұмысқа серпін берді.
14 ZKO poslanie 1 Бұл ой «Қазақстан жаңғыруының үшінші кезеңі» Президент Жолдауын талқылау үшін ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органының Дағдарыс орталығында жиналған мызметкерлердің сөз-пікірлерінде басты мәнге ие болды. Өз баяндамасын оқыған Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев берілген бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, «Қазақстан 2050» стартегиясы қазақстандық қоғамның алдағы қозғалысының ұзақ мерзімді бағдарламасын іске асырудағы тарихи маңыздылығын және ролін белгіледі.
Бұдан соң сөз кезегі жиналыстың қатысушыларына Жолдаудың бағыттарын іске асыру үшін бар күш-жірегін қосатынына сенімдерін білдірген, ТЖД басқармалары мен бөлімдерінің бастықтарына, жас мамандарға берілді. Департаменттің ақпараттық-талдау бөлімінің өкілі Қожахметов Кенжебектің атқан сөздері ерекше есте сақталатын болды. Ол Президенттің әлеуметтік саладағы саясатының бірізділігін, Елбасының адамдарға деген қамқорлығы мен әл-ауқатын жақсартуға деген ойларын баса айтты. «Білім беру, балабақшалар мен баспаналар салу, жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты келелі мәселелерді көтеріп жатқан Елбасының экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, ұзақмерзімдік әлеуметтік бағдарламалрды алға тартуы оның қажетті шешім қабылдай алатынын көрсетеді. Бұл – біздің және балаларымыздың жемісті болашағының кепілі»,- деді Кенжебек Келешекұлы.
«Департаменттің басшылық құрамына Департамент қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс атқару қажеттігін, сонымен қатар аудандарға шығып, Президенттің қойған тапсырмаларын орындау бойынша халық алдында кездесулер де бар»,- деді Департамент бастығының орынбасары полковник Нұрлан Атығаев.
 
СҚО ТЖ Департаментінің мемлекеттік
тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев