Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күресуге Қазақстанда жалпы мемлекеттік мәртебе беріліп, оның жүргізілуіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды компаниялар бірлесіп, қоғамдық және саяси күштермен сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу, шектеу жүргізілуде. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - айқындалған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу - бұл қоғамның қатысуынсыз болмайды, және жемқорлықты жою – ол Қазақстан үшін еңсерудің басты бағыттарының бірі болып табылады және мемлекеттік саясат басымдығында анық белгіленеді.
Үлкен шеңбердегі саясаттанушылар, экономистер, заңгерлер "сыбайлас жемқорлық" ұғымын жарияланымдар баптарында кеңінен оны оған қарсы күрес ретінде ашады. Елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бар, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "мемлекеттік қызмет туралы" құрылған заңдар болып табылады, оның үстіне арнайы уәкілетті орган құрылып, ол кешенді түрде мемлекеттік қызмет саласы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл функцияларын жүзеге асыратын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастық қызмет саласында белсенді жұмыс атқарады..
Айта кету керек "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес құқықбұзушылық, сыбайлас жемқорлық жасаған үшін тәртіптік жаза алынып тасталды, енді жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар.
Көкшетау қаласы ТЖ Басқармасында тұрақты негізде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ар-намыс Кодексінің талаптарын бұзбау туралы профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
 
Көкшетау қаласы ТЖБ бастығының у.м.а.
азаматтық қорғау подполковнигі
А.Т. Жақсылықов