24 Akmola Poslanie 1 Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауын талқылау бойынша кеңес өткізілді. Оның жұмысына құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Департамент бастығының міндетін атқарушы подполковник Қанат Доспаев жеке құрамның алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, мемлекеттің дамуында стратегиялық құжаттың маңыздылығын атап өтті.
24 Akmola Poslanie 2 Жолдауда экономиканың барлық салаларында және әлеуметтік саласында он негізгі міндеттер алға қойылып, еліміздің алдында кең мүмкіндіктерді ашылып отыр. Бірінші кезекте өндірістік процестердің жаңғыруы мен цифрландыруына және заманауи бизнес-үлгілерді игеруіне назар аударылды.
Республиканың бұдан әрі стратегиялық дамуында айтылған басты бағыттардың ішінде Қанат Доспаев сыбайлас жемқорлықпен күресті қатамасыз ету бойынша міндеттерді шешу қажеттілігіне ерекше тоқталып кетті. Осы ретте ол: «Бұл аспект заманауи жағдайда барлық құқық қорғау органдарының қызметінде бас бағдар болып табылады», -деп нақтылады.
ТЖ департаментінің басшылықпен Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде цифрлық технолгияларды енгізбей, мемлекеттік органдарының әрі қарай дамуы мүмкін еместігіне назар аударды. Цифрландыру халықпен өзара іс-қимылына да қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын уақытылды және сапалы шешілуі олардың құқықтарын қорғауда тиімді құрал болуы тиіс.
Соңында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамы Президенттің кезекті Жолдауына қолдау көрсетіп, негізгі бағыттарының практикалық жүзеге асыруын қатамасыз етуге сенім білдірді.
 
Ақмола облысы ТЖД
Кадр жұмыс бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры
С. Тұмырзин