23 VKO Poslanie 1 Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы жолдауын бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
ҚР төртінші өнеркәсіптік үдеріс кезінде дамыту мүмкіндіктері туралы қалалық мәслихат депутаты Ринад Руланович Ахмеджанович айтты. Сөз басында депутат Президент жолдауы барлық азаматтарға қатысты екенін атап өтті және республикамыздың 2017 жылдағы барлық жетістіктерін атады. Содан кейін Ринад Руланович департамент жеке құрамына мәлімет үшін Елбасы жолдауының негізгі бөлімдерін жеткізді және маңызды бағыттарының әрқайсысына түсіндіру жасады. Сөз соңында депутат құтқарушыларды адал қызметтері және республикамыздың дамуына қоатын үлестері үшін алғыс айтты.
Кейін ШҚО ІІД қаржылық қамтамасыз ету басқармасының еңбекті өтеу және зейнетақы тағайындау бөлімі бастығы Елена Анатольевна Хохлова Елбасы жолдауының әлеуметтік саласының жетінші тапсырмасы туралы толығырақ айтып берді. Өз кезегінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің жоғарылауының барлық түйткіл мәселелерін түсіндірді. Содан кейін ҰБЗҚ бас маманы Наталья Сергеевна Мельникова зейнетақылық реформадағы барлық жаңашыл енгізулер туралы түсіндірді. Құтқарушылар көптеген сауалдар қойды, департамент қонақтары барлық сұрақтарға толық жауап берді.
23 VKO Poslanie 2 23 VKO Poslanie 3
 
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ