20 Kyzyl orda sobr 1 Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Н.А.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 10 міндеттерін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.
20 Kyzyl orda sobr 2 Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Баякеев жеке құрамы алдында баяндама жасады, онда басым бағыттары мен негізгі бағдарламаларда қойылған міндеттерді іске асыру бойынша егжей-тегжейлі тоқталды. Президенттің Жолдауы осы кезеңде мемлекеттің дамуының негізгі бағыттарын айқындайды, яғни әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Өз сөзінде Ә. Баякеев әр қызметкердің міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып қала беретінін атап өтті. Сондай-ақ баяндамашы атап өткендей, жаңа Басшысының Жолдауында ерекше көңіл бөлінген біздің еліміздің астанасы – Астананың 20 жылдық мерейтойы.
Іс-шара соңында өрт сөндіру бөлімдер басшыларына нақты тапсырмалар берілді және ел дамуының жаңа кезеңінің міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру бағыттары белгіленді.
 
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі