29 Mang posl 1 Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында Президенттің «Төртінші өндірістік революция кезіндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» жарлығын жалпылай талқылау бойынша дөңгелек үстелі өтті. Оның жұмысына Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Өз баяндамасымен Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Еркінбек Нұрғали аталған бағдарламалық құжаттаманың негізгі ерекшеліктерін түсіндірді және оның мәні мен ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясының қазақстандық қоғамдық жол бағдарламасын іске асыруда рөлін сөз етті, бес институттық реформаларын іске асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт жоспарын айтып өтті.
29 Mang posl 2 «Төртінші өндірістік революция кезіндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» жарлығында Елбасы 10 негізгі тапсырмаларға аса назар аударып, қаржы секторының «қайта жүктеуден» бастап, көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқаруға дейінгі жайларды сөз етті. Президент жаңа технологияның ену бастамасы қазақстандық индустрия болуы қажеттігін ерекше ынтамен айтып өтті. Осылайша өндірісте өндірістік үрдісті сандық түрге өткізу және заманауи бизнес-модельдерді меңгеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін арттыру қажет.
«Қызметтің басшы құрамына Елбасының жарлығын түсіндіру бойынша гарнизонның жеке құрамына Президенттің алға қойған міндеттерін орындау бойынша мәселелерді талқылау аясында аудандарға шығу қарсаңында айтарлықтай ерекше жұмыстар атқару қажет» - деп Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Еркінбек Нұрғали Қазақстанның дамуына жақын арада деңгейін жоғарылатуда бағдарламалық құжатын талқылау соңында айтып өтті.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы