27 aLM oBL pOSL 1 Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мәжіліс залында жеке құраммен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін он қадам бастауы туралы кезекті Жолдауы түсіндірілді.
27 aLM oBL pOSL 2 Жиналыс ТЖД бастығының орынбасары полковник Серікқан Тураровтың басшылығымен өтті. Өз сөзінде Серікқан Жеңісұлы жемқорлықпен күрес әр бір қызметкердің міндеті және өзінің міндеттерін айқын орындау, адамдарды құтқару, олардың және мемлекеттің дамуына тікелей әсер ететін атап өтті.
Алматы облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Дүйсембекұлы Алтынбеков жеке құрамға баяндама оқыды және қойылған тапсырмалардың әрқайсысына тоқталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін он қадам нақты көрсетілді.
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
3. "Ақылды технологиялар" – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
6. Қаржылық секторды «қайта жүктеу»
7. Адами капитал - жаңғыртудың негізі
8. Тиімді мемлекеттік басқару.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі
10. "Ақылды қалалар" "ақылды ұлт" үшін.
Іс-шара соңында Департамент қызметкерлеріне ел дамуының жаңа кезеңінің міндеттерін ойдағыдай іске асыру үшін нақты міндеттер мен бағыттар берілді.
 
Алматы облысы ТЖД
Кадр жұмыс бөлімі