28 PVLDr poslanie 1 Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында 2018 жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» негізгі міндеттерді түсіндіру бойынша жеке құрам арасында жиналыс өткізілді.
Алғашқы бес пунктер бойынша департамент бастығының орынбасары А.И. Двинянин өз баяндамасында нақты мазмұндап берді.
28 PVLDr poslanie 2 «Біз енді сандық үрдістің бөлігіміз», деп баяндаушы атап өтті. Бұл SMS хабарламалар, онлайн сабақтарды өткізу, ғаламтор – конференциялары, ғаламтор порталының бары және т.б. Біз көптеген қызметтердің онлайн төлемдерін жасаймыз, ғаламтор дүкендерінің қызметтерін, пошта байланыстарын пайдаланамыз. Сандықты Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі жұмыстарына енгізу жолдарын ойластыру қажет деп спикер келесі сөзді К.Х. Аскароваға – Ардагерлер Кеңесінің төрайымына берді. 28 PVLDr poslanie 3 Ол жолдаудың қалған бес пунктері бойынша түсіндіріп, қоғамның денсаулығын басқаруға, салауатты өмір салтына міндеттері күшейтіліп жатқан жетінші пунктке ерекше басым жасады. «Азаматтық қорғау қызеткерлеріне негізгісі тек кәсібилік ғана емес, дене шынықтыру дайындығы да қажет. Облыстық және ауылдық аудандар орталықтарында спортпен шұғылдану орандары мен шарттары бар. Қалада бірнеше мұз айдындары бар, шаңғы базасы да істеуде» - деп, баяндамашы атап өтті.
Қалалық маслихаттың депутаты К.Н. Кожиннің сөзі Жолдаудың сегізінші және тоғызыншы пунктеріне арналды, мемелекеттік басқарудың тиімділігі мен сыбайлас жемқорлықпен күрестің міндеттері айтылды. Қобыланбек Нұрмұханұлы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сараптау және баға беру бойынша талдау тобының басшысы болып табылады. Баяндамашы сыбайлас жемқорлықпен күреске алдын алу шаралары жалғасады деді.
Төтенше жағдайлардың аумақтық органдары бастығының орынбасары А.И. Двинянин жиналысты аяқтай келе, бөлімшелер бастықтарына азаматтық қорғаудағы әр қызметкерге Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша гарнизонға шығып түсіндіру жұмыстарды жүргізуге тапсырма берді.
 
Павлодар облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы