23 SKO Poslanie 1 Жуырда «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша семинар өтті. Осы күні акт залында басқарма аппаратының қызметкерлері және Петропавл қ. бөлімшелерінің жеке құрамы жиналды. Жиналғандардың алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі, «Свiтанок» «СҚО украиндық мәдениет орталығы» ҚБ төрағасы Платко Андрей Петрович сөз сөйледі.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын қызығушылықпен танысты.
23 SKO Poslanie 2 Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы — экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды жобасы. Өрт сөндіру қызметінің мамандары Ұлт Көшбасшысы қойған жаңа ауқымды мiндеттер елiмiзде дамудың жаңа сапалы деңгейiне шығаратын жаңа мүмкiндiктерге жол ашатынын сендiрдi.
Iс-шара қатысушылары үшiн Жолдаудағы адам әлеуетiн дамытуға қатысты бағытты талқылау маңызды болды. Бүгiнгi таңда бiлiм беру белгiлi бiр нәтижелер мен нақты мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн бәсекеге қабiлеттi, мақсатты мемлекеттi құрудың iргетасы болып табылады.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Әсет Ысмағұлов Жолдаудың негізгі мәселелері бойынша өз пікірін бiлдiрдi. Ол тұрғын үй құрылысы, банк саласы, бiлiм беру мен әлеуметтiк салаға заманауи технологияларды белсендi енгiзу мәселелерiнiң маңыздылығын атады, бiрыңғай электронды еңбек биржасын енгiзудiң мәндiлiгiн қозғады, онда бос орындар мен жұмыс iздеп жүрген тұлғалар туралы барлық ақпарат шоғырландырылуы тиiс, «Баршаға арналған тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру» жобасын iске асырудың маңыздылығын сөз етiп, әлеуметтiк даму мәселелерiне көп көңiл бөлдi.
Сөйтiп, Президенттiң Жолдауы елiмiздi алдағы уақытта жаңғыртудың маңызды негiзi болып табылады. Әр азаматтың мiндетi — оны iске асыруға белсене қатысу.
 
Серік Шақабаев
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кадр жұмысы бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі