24 Atyrau Poslanie 1 Атырау облысында Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ халқына жолдауы аясында үгіт-насихат тобы ұйымдастырылып, Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Өмірзахов Сағынбек Сиратұлының басшылығымен және де кадр жұмыстары бөлімі қызметкерлерімен Махамбет және Индер аудандарына іссапармен аттанған болатын.
24 Atyrau Poslanie 2 Сағынбек Сиратұлы өз сөзінде 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының 10 тапсырмасын атап өтіп, жеке құрамға таныстырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді сонымен бірге жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын да атап көрсеткен болатын, - нақтылады.
Жолдаудағы әр бөлімді аса ынтызарлықпен орындай отырып, бәріміз күш біріктіріп, жаңа биіктер мен шыңдарды бағындыратындықтарына сенім білдірді. Сөзін қорытындылай келе, Елбасы жолдауын орындау кезінде жоғары дәрежеде қоғамдық жұмыстарға белсене араласуларыңызды сұраймын», - деп атап айтты.
 
Атырау облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпараттар тобы