29 Astana POslanie Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде кәсіптік дайындық бойынша сабақтар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Рашидұлы Рахматуллинмен жеке құрамның кездесуі өтті.
Кездесу барысында Басқарма басшысы жеке құрамға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауының басты аспектілерін жеткізді. Сонымен қатар А.Р.Рахматуллин ҚР Президентінің «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» Жолдауының тоғызыншы мақсатына өз назарын аударды. Өз сөз сөйлеуінде А.Р.Рахматтулин айтқандай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар, егер оған қоғамның барлық мүшелері жаппай қолдауға сеніп қатысатын болса, тиімді болады, -бұл біздің ортақ қызмет».
Сонымен қатар кездесу соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бейнеролик көрсетілді.
 
Астана қ. ТЖД Кадр жұмысы бөлімі