27 Akmola GYY Poslanie 1 Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ жоспарына сәйкес құрылған ақпараттық-насихаттау тобы көшпелі жұмысын аудандарда өткізді, жұмыс барысында аудандық құрылымдардың жеке құрамымен жиналыстар өткізілді.
27 Akmola GYY Poslanie 2 Бірнеше күндердің ішінде топ мүшелері облыстың бірқатар аудандарына барып шықты, атап айтқанда Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын және Шортанды аудандары. Оның құрамына Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Артур Родичкиннің басшылығымен өрт сөндіру қызмет құрылымдарының қызметкерлері кірді. Жұмыс барысында ақпараттық-насихаттау тобымен өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамына Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жеткізілді, жеке құрам арасындағы қызметтік-әскери тәртіпті, барлық жол жүру ережелерін сақтау бойынша бағытталған шаралары өткізілді. Аудандық құрылымдардың жеке құрамының алдында сөз сөйлеген Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Артур Родичкин Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы сәтті бейімделу үшін белгіленген барлық он міндеттерге тоқталып кетті.
«... Жыл сайынғы Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау - бұл жалпы іс. Маңызды құжатта 10 басымдық бағыттар белгіленді, оларды орындау экономиканың дамуын одан әрі қамтамасыз етеді. Белгіленгенге жету үшін, жүйелі түрде жергілікті тұрғындар арасында Жолдауды насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет. Құжат елдің және аумақтың қоғамдық-саяси өмірінде жоғары орын алады ...» - деп Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Артур Родичкин белгілеп айтты.
 
Ақмола облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ
баспасөз қызметі