26 PVLDr poslanie 1 Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері ауылдық аудандарға барып, ауылдық гарнизондары жеке құрамының алдында сөз сөйледі.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник С.Т. Асайынов «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» мемлекет басшысы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірумен Баянауыл және Май аудандарының бөлімшелеріне барды.
26 PVLDr poslanie 2 Самат Талғатұлы өз сөзінде елдегі өзгерістер бойынша міндеттерді шешуге бағытталған он тармақтарына нақты тоқталды. Сонымен қатар Президент Жолдауының шеңберінде Павлодар өңірінде іске асырылатын жобаларды атап өтті. Павлодар облысы еліміздің ірі бір индустриалдық өңірлері ретінде индустриалдық, көлік-логистикалық, энергетикалық инфрақұрылымының дамуында басты рөлді ойнайды. Баяндаушы ТЖ қызметкерлерінің назарын Жолдаудың сегізінші және тоғызыншы тармақтарына аударды. Онда тиімді мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлық бойынша міндеттері қойылды. Алдағы жылдары сияқты да, Президент басты міндеттерінің біріне халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру бойынша міндеттерді қойды.
Мәжілістің екінші бөлігінде ТЖ аумақтық органдары басшысының орынбасары құрылымдық бөлімшелері бастықтарының 2017 жылдың қорытындысы бойынша есептерін және алдағы жылға қойылған міндеттерін тыңдады.
 
Павлодар облысы ТЖ департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы