25 Akm sovesh POSL 1 2018 жылғы 7 ақпанда Біржан сал ауданының азаматтық қорғау гарнизонына жұмыс сапарымен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.С.Советов келді.
Бұл сапардың мақсаты: Біржан сал ауданының азаматтық қорғау гарнизонының жеке құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауын түсіндіру, сондай-ақ 2017 жылға қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйі туралы жеткізу.
25 Akm sovesh POSL 2 Жеке құрамға Қазақстан Республикасы президентінің Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Жаңа мүмкіндіктер жағдайында дамуының төртінші өнеркәсіптік революция" және оны жүзеге асыру жолдары жеткізілді. Ақмола облысы ТЖД бастығы А.С.Советов Жолдауда Республиканың қозғалыс стратегиясын Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде қажеттілігін айтып, Президенттің аса маңызды бағдарламалық құжатта қойған 10 міндеттерінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуын атап өтті.
Ақмола облысы гарнизонының жеке құрамына қызметтік – әскери тәртібі бойынша шолуын, көрнекті мысалдарын оқыды. Алкогольдік ішімдіктерді және есірткі заттарын пайдалану барысында әкелетін салдарының нәтижесі туралы әңгімеледі.
 
Біржан сал ауданының азаматтық қорғау гарнизоны