15 Jambyl Posl 1 2018 жылғы 10қаңтарда Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Президенттің дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауын тыңдады. Бұл тарихи құжатта Елбасы ең өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғады. Президент милиондаған қарапайым адамдардың күнделікті өзекті мәселелерін шешуді басшылыққа алды.
15 Jambyl Posl 2 «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауыды түсіндіру ақпараттық-насихат жұмыстар жүргізудің шеңберінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел қеңес барысында жолдаудың он бағытыі талқыланды.
Өзінің сөзінде Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Аида Құдайқұл Президент әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлгені туралы айтып өтті. Болашақтағы жоспарларды анықтай отыра ол әлеуметтік және экономикалық дамудың бірнеше негізгі бағыттарын атап өтті. Бұл – индустрияландыру, ресурстық әлеуетті, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды, Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін одан әрі дамыту,қор нарығын,құрылыс және коммуналдық секторындағы заманауи технологияларды, білім берудің және денсаулық сақтау жүйесын дамыту, мемлекеттік басқару тиімділігін, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін жоғарлату, еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттыру.
Жамбыл облысы ТЖ департаментінің бастығы Ел басының Жолдауын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі және Төтенше жағдайлар комитетінің ерекше көңіл бөлінетіндігі және азаматтық қорғау қызметінің тиімділік шаралар жиынын қабылданданғаны туралы ерекше атап өтті. «Ел басының 2018 жылдағы жолдауында қойған тапсырмалары орындалады деп есептеймін және өзім де осыған әрқилы жәрдем етемін. Ең бастысы Президенттің алдағы жолдауларында айтқан тапсырмалары орындалды. Сондықтан мен Президенттің сөздерін аса байсалдылықпен қабылдаймын. Бұл жәй сөздер емес, бұл іс - әрекеттер жоспары», деп өз сөзін қорытындылады.
Сонымен қатар кеңес барысында жемқорлықпен күрес, тәртіпті сақтау және Кокшетау техникалық институтына үміткрлерді тарта бойынша жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.
 
Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі