16 Akmola Poslanie 1 2018 жылғы 09 ақпанда «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 26-МӨСБ мәжіліс залында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.С.Советовпен, «НҰР ОТАН» Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мадешұлы Бекмағамбетовтың қатысуымен Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына арналған кездесу өткізілді.
Кездесуге Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және ведомстволық бағынысты бөлімшелері қатысты.
16 Akmola Poslanie 2 Алғы сөзінде А.С.Советов Елбасының Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың негізін - еліміздің инфрақұрылымды дамыту жоспарын анық көрсетті, біздің Елбасымыздың қойған мақсаттары арқасында біз өміріміздің сапасын жақсартамыз және дамытамыз деп айта кетті.
Ғ.М.Бекмағамбетов елде жүзеге асырылатын 10 негізгі міндеттерді қарады. Біріншісі индустрияландыруға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған. Екінші - ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Үшінші «ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда серпіліс жасау мүмкіндігі. Төртіншіден, көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру. Бесінші - құрылыс пен коммуналдық шаруашылыққа заманауи технологияларды енгізу. Алтыншы - қаржы секторының «қалпына келтірілуі». Жетіншіден - адам капиталы - жаңғыртудың негізі. Сегізінші - тиімді мемлекеттік басқару. Тоғызыншы - сыбайлас жемқорлыққа және заңның үстемдігіне қарсы күрес. Оныншы - «ақылды ел» үшін «ақылды қалалар».
Кездесу соңында Департамент бастығы А.С.Советовпен «Нұр Отан» Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.М.Бекмағамбетовке Қазақстан халқына Президент Н.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіруге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
 
Ақмола облысы ТЖД
Заң тобы
А.Қарабекова