20 Jambyl Latinica 1 Жамбыл облысы ТЖ департаментінде «Қазақ тілінің жаң әліпбиі» тақырыбында Мемлекетті тіл және ақпарат тобының ұйымдастыруымен форум өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында шеңберінде сұрақтар қаралды. Форумға Департаменттің және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің барлық жеке құрамы қатысты.
Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Т. Н. Сабиров форумды ашу бөлігінде келген қонақтарды қошаметтеп, Ел басныың жобасының маңыздылығын, казақ әліпбиінің латын графикасына көшудің себептері мен артықшылықтарын атап, ол өз сөзінде латын графикасына көшудің артықшылығы бар екенін және тілдің және жалпы елдің дамуы үшін үлкен келешек ашады деп айтып кетті.
20 Jambyl Latinica 2 МТжАТ бас маманы Аида Құдайқұл қатысушыларды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен және таныстырып, қазір уақытқа дейін қазақ әліпбиінің өзгеру тарихымен таныстырды. Шақырылған қонақтар- филология ғылымдарының докторы, Тараз иновациалық-гуманитарлық университетінің профессоры, «Түріктану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Молғаждаров Қасиет Какенұлы және Мемлкеттік тілді оқыту орталығының аға оқытушысы Бақытбек Шынар Бақытбекқызы латын графикасына деңгеймен көшуді бойынша түсіндіру жұмысы жүргізді. Казақ тілінің латын графикасына деңгеймен көшудің уақытына егжей тегжейлі тоқталды. Шақырылған қонақтар Ел басының жыл сайынғы халық Жолдауының 10 негізгі бағытымен қатар, жетінші «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытын, ондағы «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» дегенді түсіндірді.
Іс-шараның басты мақсаты – жаңа әліпби жобасын түсіндіру, жаңа графиканың осал тұстарын анықтау. Форум шеңберінде қатысушылар әзірленген әліпби жобасымен таныстысты. Бекітілген әліпбимен танысқан қатысушылар оны талқылауға көшті. Жалпы іс-шара позитивті өтті, қазақ тілінің латын графикасына көшу идеясын басым көпшілігі жағымды қабылдады. Кездесуге қатысушылар жоба бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Барлығы бір ойға тоқталды, яғни бұл реформа халықаралық ақпараттық жүйені интеграциялауға және әлемдік технологияны меңгеруге себеп болады.
 
Жамбыл облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы