28 VKO Poslanie 1 «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова Өскемен қаласы ТЖБ офицерлерімен және ШҚО ТЖД Кәсіби даярлау мектебінің тыңдаушыларымен Оралхан Бөкей атындағы Орталық кітапхана жүйесі базасында өткен, Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауына арналған, дөңгелек стөлге қатысты. Іс-шара барысында Майраш Екібасова қатысушыларға өз халқына арналған, Жолдаудың 10 негізгі қадамын түсіндірді.
28 VKO Poslanie 2 «Біздің президент өз үндеуінде, заманауи технологиялар толығымен біздің әлемді өзгертеді деп атап өтті. Технологиядағы жаһандық ілгерілеуде тек өзіндік танымалдылық емес, өсуге де мүмкіншілік бар. Еліміздің әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына енуге тарихи мүмкіндігі бар. Еліміздің өнеркәсібі еңбек өнімділігінің деңгейін жоғарылатуы керек. Одан басқа, қор потенциалын тиімді пайдалануды жақсарту қажет. Ол үшін қорлар саны мен оларды өңдеудің барлық тереңдігін арттыруға мүмкіндік беретін, жаңа технология енгізу қажет. Сонымен қатар президент логистикалық және транспорттық инфрақұрылымды жетілдіруге, агрономия мен өнеркәсіпті жоғары деңгейге көтеруге ниетті», - деп мәлімдеді Майраш Екібасова.
«Төртінші өнеркәсіптік түбегейлі өзгеру жағдайында жетілдірудің жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының қадамына сәйкес Қазақстанда білім беру жүйесін өзгерту жоспарланады, мемлекеттік басқаруды аса тиімді ету, әлеуметтік сала үшін қаржыны көбейту жоспарланған. Жаңа сандық технологиялар мемлекеттік мекемелер көрсететін, қызметтердің сапасын жоғарылатуға және бизнесті қайта реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ іс-шарада сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы көптеп айтылды, өйткені негізгі басым бағыт осы әлеуметтік жамандықпен және заңның үстемділігімен күресу болып қалады.
Іс-шара аяқталған соң дөңгелек стөлге қатысушыларға ел Президентінің жылсайынғы Жолдауы аясындағы кітаптар топтамасымен танысу ұсынылды.
 
Өскемен қ. ТЖБ ақпараты