4 Kostanai Krug Stol 1 Боровской ауылының № 19 өрт сөндіру бөлімінде Мендіқара ауданы бойынша ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Орал Нұрбаев және мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманы Нұрлан Бәжіровпен кездесу болып өтті. Дөңгелек үстел барысында 2018 жылғы қаңтардың 10 жарық көрген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентіңі халыққа Жолдауындағы негізгі бірқатар ережелерімен ҚР сыбайлас жемқорлық қарсы заңнаманы сақтау және декларация тапсыру сұрақтары қарастырылды.
4 Kostanai Krug Stol 2 Жолдау, "қайта жүктеу" қаржы секторының тиімділігін арттырудан бастап, Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және тиімді басқаруға дейінгі 10 негізгі міндеттерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы – бұл нақты бағдарламалық құжат, онда елдің одан әрі дамуының негізгі бағыттары, мемлекеттің алдағы жылдарға арналған маңызды басымдықтары қаланған. Ерекше назар жемқорлықпен күрес одан әрі жалғастыны жайл жазылған Елбасы Жолдауының тоғызыншы тарауындағы – сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне түсті. Атап айтқанда, азаматтар өздерінің өтініштері қалай қарастырылып жатқанын және уақытында сапалы жауап берілуін көрулері керек.
Заңнамаға -қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуін, оның репрессивтілігінің төмендеуін көздейтін нормалар енгізілген. Құқық қорғау органдарының жауапкершілік аймағы мен өкілеттіктері шектелген. Жұмысты нығайту бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарын кепілдендіру , құқық үстемдігі қамтамасыз ету және құқық қорғау қызметін ізгілендіруді одан әрі жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында азаматтар көп баратын орындарда, көшелерде, жол қозғалысын бақылайтын тану және интеллектуалдық бейнебақылау жүйесі белсенді түрде енгізу керек.
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Нұрлан Бажиров өз кезегінде декларация тапсыру мерзімі мен тәртібін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлықтағы құқық бұзушылықтар және ҚР салық заңнамасындағы өзгерістер жайлы түсініктеме берді. Ол жеке құрамға мемлекеттік қызметшілердің кірістері жайлы жыл сайынғы декларацияны тапсыруға қатысты заң баптарын ашықтай кетті.
Мемлекеттік қызметшілермен декларация беру кезінде негізгі бұзушылықтар, декларацияны беретін тұлғаға тіркелген мүліктің толық емес тізбесі және декларация бланкісін толтыру кезінде жіберілетін қателер болып табылатындығын атап өтті. Әрі қарай ол жеке құрамға олардың тікелей қызметтеріне қатысты, жекелеген тараулары мен баптарына қадала кетіп, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", заңның негізгі ережелерін жеткізді

«Қостанай облысы ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі