02 URAOSO ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының жеке құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мекеме басшысы Б. Ембергенов жиналысты ашып, Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп отырған ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын қалың бұқара арасына кеңінен насихаттау бәріміздің міндетіміз екенін айтты.
Жолдауда елдің жан-жақты дамуының келер жылға, одан да ұзақ мерзімге арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Одан әрі дамудың басты бағыттарын жариялай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қолдауына ие болатын және табысты жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды бағдарламаларды іске қосады. Әрбір азаматтың өмірінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандыру, жастарға қолдау көрсету – бұл жайттардың барлығы Президенттің халыққа әр Жолдауында көрініс табатынын атап өтті.
Жиналысқа арнайы шақырылған «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалының белсенді мүшесі Кәрімбаев Жомарт Әсімұлы қатысып, жеке құрамға Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жолдауда, өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс - деген Елбасының дана сөзін біздің болашағымыз-қазіргі жастар үнемі естен шығармай, осы Жолдаудың жүзеге асуына белсене атсалысады деген сенімдеміз!
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы»