34 1 14 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру бойынша бірден екі жиналыс өтті.
Бірінші жиналыс аудандардың ТЖБ бастықтарының қатысуына байланысты бейнеконференция режимінде өтіп, екіншісі Департамент пен бағынысты мекемелердің жеке құрамының қатысуымен Департаменттің акт залында өткізілді.
34 2 Жиналыс барысында Жасұлан Қыдырғожаұлы президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған 5 әлеуметтік бастаманың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға көмектесетінін атап өтті.
- Мемлекет басшысының бес бастамасын іске асырудың арқасында жас отбасылардың тиімді шарттармен баспаналы болуына мүмкіндік туады, - деді Ж.Жұмашев.
Генерал-майор Ж.Жұмашев өз сөзінде «7-20-25» атты жаңа бағдарламаны егжей-тегжейлі түсіндірді. Осы бағдарламаға сәйкес әрбір қазақстандық жұмысшы мерзімі 25 жылға дейінгі несиенің жылына 7 %-дан аспайтын өсім мөлшерлемесі бойынша ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар азаматтардың ай сайынғы төлемі азайып отырады. Сондай-ақ, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна төмендетіледі. Егер бүгінде банктер 30 %-ға, ал кейде тіпті 50 %-ға дейінгі бастапқы жарна талап ететін болса, ал бұл бағдарлама бойынша ол 20 %-дан аспауы тиіс.
- Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде елде ЖОО және колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналды. Бұл міндетті шешу үшін Ұлт Көшбасшысы өз үндеуінде ЖОО, колледждер, девелоперлік компаниялар алдына мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік қағидасымен жатақхананың құрылысы бойынша жұмыстарды күшейту міндетін қойды.
Ал мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатаханалар салуға жұмсалған инвестицияның жартысын біртіндеп қайтаруына кепілдік береді. Осыған байланысты Н.Ә.Назарбаев 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орыннан кем болмайтын жаңа студенттік жатақханалардың құрылысын қамтамасыз етуді тапсырды – деді Ж.Жұмашев.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында әрқашан шағын және орта бизнестің дамуына ерекше көңіл бөледі. Өз үндеуінде Қазақстан Президенті өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие берудің мейлінше тиімді екенін атап өтті.
- Бұл бастаманың маңыздылығы - оның мыңдаған адамдарға өзінің жеке кәсібін ашуға, әсіресе ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беретіндігінде, - деді Ж.Жұмашев.
Президент ұсынған бес батаманың барлығы да халық игілігіне арналғаны сөзссіз. Бастамалардың жүзеге асуы шындығында ертеңгі күнге, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына сенім ұялатады.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы