25 ZKO Poslanie 1 Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттарды уақытылы және толық іске асыру мақсатында оның негізгі міндеттері мен мақсаттарын әр адамға дәл әрі түсінікті етіп түсіндірудің маңызы зор.
Аудиторияға 2018 жылғы Жолдаудың елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы екенін және «Қазақстан - 2050» даму стратегиясымен,«100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен ұштасатынын түсіндіріп, бағыт сілтеу керек.
25 ZKO Poslanie 2 Жыл сайынғы жолдауында Елбасы нақты міндеттер қойып, соларды іске асыру бойынша жұмыстар жасалады. Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ-ның қауіпсіздігіне төрағалық етті, «ЭКСПО» Дүниежүзілік мамандандырылған көрмесін өткізуге әлемдік қауымдастық таңдаған ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы алғашқы мемлекет болып, сенім мен құрметке ие болатын брендке айналып отыр.
2018 жылы ел дамуының келесі бағыттары анықталды: индустрияландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, құрылыс пен коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта қалпына келтіру» және білім берудің жаңа сапасы.
2018 жылғы Жолдауда баяндалған әрбір тапсырма ақпаратты егжей-тегжейлі түсіндіруді және мазмұнды орындалуын талап етеді. Осыған орай, 19 наурыз күні БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Килишев Асқар Орынбасарұлы орталық базасында қызметкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Асқар Орынбасарұлы аудиторияның назарын «2018 жылғы Жолдау»-да қойылған міндеттердің нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және сайып келгенде халық өмірінің сапасы мен деңгейін жақсартуға бағытталғанына аударды.
Жасақ қызметкерлері Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында айтылған әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы жүзеге асыруға толық қолдау көрсетті.
«Біз жемісті және жауапкершілікпен әрекет етуге тиіспіз, сонда ғана алдымызға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз. Осылайша, біз гүлденген әрі қуатты мемлекет құратын боламыз», - деп атап өтті жасақ басшысы А. Килишев.
 
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының
бас құтқарушысы
А.Н. Кужанбаева