2018 жылғы 27 ақпанда «Төртінші өндіріс төңкерісі қарсаңында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау мақсатында «Өрт сөндіруші» АҚ Ақмола облысы филиалында жиналыс өтті. Жиналысқа филиалдың директоры және басқару аппарат жұмыскерлері қатысты.
Филиал директоры А.А.Оразалин қазіргі даму кезінде Президент Жолдауының қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Республика Президенті Жолдауындағы сөздерін атап өтті: «Бүгінгі таңда, әлем төртінші өндіріс төңкерісі қарсаңындадағы аса терең және қарқыңды өзгеріс дәуіріне: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік дәірге қадам бастып отыр. Жаңа технологиялық жөн-жосық біздің жұмыс істеуімізді, өзіміздің азаматтық құқығымызды іске асырғанымызды, бала тәрбиелеуді түбегейлі өзгертіп отыр». Тәуелсіздіктің 25 жылындағы жетістіктерді бекіте отырып, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге ниет білдіретіндігін айтып өтті.
Жиналыс барысында «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау тапсырмасы қарастырылды. Бұл индустриялар дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертті.
Филиалдың жұмыскерлері ҚР Президенті Жолдауында алға қойылған міндеттерді қолдайды, Мемлекетте бірлікті, тұрақтылықты және ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауда, республиканың экономикалық дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы атап өтті.
Ақмола облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы