33 Kti 5 init 1 2018 жылғы 30 наурызда Кокшетау техникалық институтының жеке құрамымен өткізілетін кәсіби-қызметтік дайындық бойынша сабақ шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының а.ж. 5 наурызда болған отырысында жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы" талқыға салынды.
33 Kti 5 init 2 Шараға Институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпханов пен оқу орнының барлық жеке құрамы қатысты.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының өкілі осы үндеудің негізгі ережелерінне түсігнік беріп өтті.
33 Kti 5 init 3 Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің бас маманы К.А. Жұмаенова бұл маңызды құжаттың шығу тарихына терең бойлап, адамдық капитал, әлеуметтік кепілдіктің беріктігі және әлеуметтік әділдік сияқты елдің әлеуметтік саясатын құрайтын негізгі бөлшектерін айқындады.
Осыдан соң Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының өкілі әрбір қазақстандық отбасына, әрбір қазақстан азаматының әл-ауқатын жақсартатын іргелі құндылықтардың барлық кешенін қамтыған Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының әрбіреуіне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.
Іс-шараның аяғында Институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпханов К.А. Жұмаенованы соншалықты байымды сөз сөйлегені үшін алғысын білдіріп, Елбасының осы бастамалары қазақстан азаматтарының өмір сапасын жоғарылатып, оларға ертеңнгі күнге деген сенімдерін арттыратынын айтты.
 
ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі