22 UKO Poslanie 5 Pri4in 1 2018 жылғы 30 наурызда ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау полковнигі Н.Б.Дербисовтің төрағалығымен жиналыс өткізілді.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Шераханұлы Қуанышбеков, «Нұр Отан» партиясы Енбекші ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Қадырқұлұлы Садыков, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО филиалының директоры Қасымбек Бақытұлы Маликов және департаменттің жеке құрамы қатысты.
Іс-шараның басында Мәжіліс депутаты департамент басшылығымен бірге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің №1 мамандандырылған жасағының материалдық-техникалық базасымен танысты.
22 UKO Poslanie 5 Pri4in 2 Кездесуде 2018 жылғы 05 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуі талқыланды. Департамент бастығы осы маңызды стратегиялық құжаттың бірнеше бастамалары азаматтық қорғау органдарына қатысты екендігін алға тартты. Солардың ішінде үшінші бастамада жастарға жоғары білімнің сапалығына назар аударылған. «Азаматтық қорғау саласындағы мамандыққа Көкшетау техникалық институтында оқытып үйретіледі. Көкшетау техникалық институтына оқуға үміткерлерді тарту үшін түсіндірме жұмыстары жүргізудің нәтижесінде жыл сайын 100-ден аса үміткерлерден өтініштер түседі. Биылғы жылы оқуға 118 үміткер өтініш білдіріп отыр», - деп Н.Дербисов нақтылап кетті.
Сөз кезегі Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тілдәбекұлы Ерманға беріліп, ол өз баяндамасында Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған төтенше жағдайларға, олардың салдарын жою үшін департаменттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының материалдық-техникалық базасына тоқталды. Баяндама барысында депутат Мұхтар Тілдәбекұлы департамент бастығына бірнеше сұрақтар қойып, оған нақты жауаптарды алды.
Кездесу соңында департамент бастығы Нұрболат Дербисов кездесуге қатысқан қонақтарға жеке құрамның атынна алғысын білдірді.
22 UKO Poslanie 5 Pri4in 3 22 UKO Poslanie 5 Pri4in 3 22 UKO Poslanie 5 Pri4in 3
 
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы