22 Jambyl Posl 1 2018 жылғы 12 сәуірде Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және қызметінің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өтті.
Мекеме бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаев келген қонақтарды таныстырды. Кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Олжабаева Гауһар Елубайқызы және «Бірыңғай жинақтаушы қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Нурлыбаева Меруерт Төреханқызы қатысты.
22 Jambyl Posl 2 Гауһар Елубайқызы өз кезегінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері: Қазақстан алдындағы 10 міндеті» атты халыққа жолдауының негізгі мәселелерімен таныстырып өтті. Онда әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүм¬кіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыс¬шылардың еңбекақысын көбейту үшін олар¬дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт¬тырып, студент жастардың жатақ¬ханадағы жағ¬дайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газ¬бен қамтамасыз ету ісін жал¬ғастыру жөнін¬дегі бастамаларға тоқталып өтті.
Сонымен қатар Меруерт Төреханқызы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. Осы және өзге де мәселелер жөнінде жеке құрам өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жеткілікті деңгейде ақпарат алды.
Жиналыс соңында Мекеме бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы мемлекеттік қызметкерлердің жоғарыда айтылған Елбасының бастамаларын қолдайтынын жеткізіп, арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.
 
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесінің кар жұмысы бөлімінің инспекторы Нұргүл Берикбаева