Жыл сайынғы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – республикамыздың кез-келген тұрғыны үшін маңызды оқиға. Онда әрбір өзіне ең басты бағыт табады.
Жолдауда әлемнің аса дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін төртінші индустриалды революцияның өткізілуі туралы айтылды. Президент Қазақстан халқына өзінің Жолдауда төртінші индустриалды революция шегінде алдымызға қойған 10 тапсырманы анықтап берді. Елбасымен белгіленген мемлекет саясатының барлық спектрінің негізгі мәселелері бойынша стратегиялық бағыттары мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешудің жаңа кезеңі болып табылады. Елбасы бүгінгі таңда әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік терең және қарқынды өзгерістер заманына кіретінін белгіледі. Жаңа технологиялық тәртіп жұмыс істеуімізді, өз азаматтық құқығымызды жүзеге асыруымызды, бала тәрбиелеуімізді түбегейлі өзгертеді.
2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мәдениет пен идеология арқылы ұлт әлеуеттін арттыру туралы Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы басымды кезеңі болары сөзсіз. «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасында дәл осы ойды белгіледі. Елдің дамуы әрбір қазақстандықтың жеке өзін-өзі жетілдірусіз мүмкін емес.
Бұл жай ғана емес, өйткені соңғы 10 жылда бізде бірнеше саяси реформалар өткізіліп, әр түрлі салаларында жақсы нәтижелер бар
Қазақстанның әрбір табыстылығына Елбасының еңбегі зор. Мемлекет басшысы өзінің әрбір жолдауында қайда және қалай жүретінімзді бағыт-бағдар береді. Биылғы жолдауында Президент өмірдің барлық саласын қамтып, нақты міндеттер қойды.
Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.
Президент Жолдауында тұжырымдаған жоғары стандарттарға ұмтылысты құтқарушылар ортақтасып, қойылған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерлерін жұмсауға дайын.
 
Өмірбаева Гүлмира
Жамбыл облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағының
кадр жұмысы тобының бас инспекторы