Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталғаны белгілі. Аталған жолдауда Ел Президенті 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда екендігін тілге тиек етіп, оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойғандығын, ал қалғандары негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда екендігін айтқан болатын. Бұл жолдауда Елбасы бұған дейінгі халыққа арнаған жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды да сараптап тоқтала келе елде болып жатқан өзгерістер мен тың жетістіктерге де кеңінен тоқталған еді. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процентті құраса, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асқан. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендегендігі де айтылды. Сондай-ақ ол он жүйелі тапсырманы міндет етіп қойған еді. Оның біріншісі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізу болса, екіншісі ресурстық әлеуетті одан әрі амыту, үшінші "ақылды технологиялар" – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі, төртінші көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру болып табылды. Ал бесінші құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Алтыншы Қаржы секторын "қайта жаңғырту" жетінші адами капитал – жаңғыру негізі, білім берудің жаңа сапасын жасау, сегізінші тиімді мемлекеттік басқару, тоғызыншы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, оныншы "ақылды қалалар" "ақылды ұлт" үшін деп атап көрсеткен болатын. Елбасы өз сөзінде «Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деп атап өткені баршаға мәлім. Ұлт болып ұйысудың бірден бір жолы осы жолдауларда көрсетілген тапсырмалардың дер кезінде орындалуы үшін елімізді дамыту мақсатында әрқайсысымыз өз саламыз бойынша түйінді мәселелерді жедел шешудің жолын ойластырып, қарыштай қадам жасап, аянбай тер төгуіміз қажет. Әрбір тұлға өз қызметінде дараланып, халыққа тигізер пайдасы бұрынғыдан да молайса міне сол арқылы елімізді өзге елдермен терезесі тең мемлекеттерше қарым-қатынас жасап, кейін өскелең ұрпағымыздың бетіне ұялмай тіктеп қарауға септігін тигізетіндігі сөзсіз.
 
Нұрболат Өмірзақов
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің
баспасөз хатшысы