Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздегі жүзеге асып жатқан реформалардың логистикалық жалғасы. Елбасы өз жолдауында 2018 жылы елдің дамуына қажет он міндетті көрсетті.
Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
№ 24 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары А.Р. Бекказиевтің жетекшілігімен облысымыздың бірқатар аудандарында дөңгелек үстел болып, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы тағы бір мәрте талқыланды. А.Р. Бекказиев биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқтала отырып, еліміздегі индустрияландырудың жаңа технологиясының 10 міндетін атқару, агроөнеркәсіпті кешенді дамыту, көлік логистика инфрақұрылымын жақсарту, адами капитал жаңғырту негізі бұл Қазақстан Республикасының жаңа заманға сай өрлеу бағытын дамыта отырып, дүниежүзіндегі дамыған елдер қатарында өз орнын алатындығын дәлелдеп бергенін атай отырып, осы жолдаудағы 10 міндетті орындау Қазақстан Республикасының экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізетінін жеткізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жөнінде айта отырып, өз қызметтерінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдарын тілге тиек етті.
Кеңесте сөз сөйлеген бөлім басшылары Жолдаудың уақытылығы мен маңыздылығын атап өтіп, жеке құрамның алға қойған міндеттерді шешуге жұмысты күшейтетіндігіне сенім білдірді.
Өрт сөндіру қызметінің барлық бөлімшелерінде Жолдаудың басты басымдықтарын түсіндіру шаралары өткізіліп жатқанын айтып өту қажет.
 
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы