29 PVLDr Poslanie Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Елбасы әлеуметтік салада, оның ішінде мемлекеттік қызметте әр түрлі өнеркәсіп аумағында модернизацияға және цифрландыруға бағытталған жаңа құрал-жабдықтарды әзірлеуге және сынақтан өткізуге ұсыныс жасады.
Бүгінгі таңда біз айналамызға қарасақ, көптеген салалар цифрландыру өзгерістерге ұшырамаған. Олар біз күнделікті қолданылатын көліктер, жеке тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының секторы, құрылыс, медицина. Көбінесе көптеген салалар осыған тартылды.
Ең бастысы – жаңа технологияларға көшу ол бұлтартпауы екенін түсіну. Және өзінің күнделікті жұмысында заманауи технологиялардың қажеттілігін түсінуіміз керек. Басты қажетті дамытатын құзыреттілік, бұл үнемі білім алуға қабілеттілік, жаңа пайда болған технологиялардан жаңа білімді үнемі меңгеруге дайын болу. Бұл заманауи цифрландыру әлемінде сәтті кәсіби өсу үшін фактордың кілті.
Қазіргі уақытта азаматтық қорғау жүйесінде цифрландыру бағдарламасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Біз қазірдің өзінде цифрландыру жүйесінің бөлігі болып отырмыз. Олар жіберіліп жатқан SMS хабарламалар, төтенше жағдайлар қызметкерлерімен, құтқарушылармен облыстың оқушыларымен «онлайн сабақтар» өткізу, интернет-конференциялар, интернет порталының болуы.
Еңбек қызметінде барлық маңызды мәселелер бойынша, үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің орталық аппаратымен бейне мәжілістері өткізілуде. Бүгінгі күні тоқсан сайын Комитетке іссапарға жол жүрулер жоқ. Барлық мәселелер онлайн – конференциялар арқылы шешіледі.
Төтенше жағдайлар департаментінің апталық аппарат жиналыстарына барлық аудандар қосылған, бірақ та әлі бейнетіркеусіз. 2013 жылдан бастап жүйеге электрондық құжат алмасу енгізілді, яғни «paper-free» форматы бойынша өзара іс-әрекетті іске асыру – мемлекеттік органдар арасында қағазбен құжат алмасу іс-әрекеті жоқ. Осымен мемлекеттік органдарда қағазбен хат алмасу жүргізілмейді.
Қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптары ғана қағаз жүзінде жүргізіледі, өтініш берушіден «бір терезе» принципі іске асырылған. Одан басқа, цифрландыру мәселесі маңыздылардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді шешеді.
Ірі мегаполистерде, оның ішінде Павлодар қаласында, өзіне қосқан элементтерді басқаратын датчиктер және атқарушы құрылғылары бар үйде, кеңседе, пәтерде немесе ғимаратта бірыңғай жүйемен басқаратын «Ақылды үй» құрылысын енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Олардың ішінде күзету және өрт дабылы да бар. Мамандар жеке тұрғын үйдің иелерімен улы газды анықтайтын датчиктерді орналастыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізді және 2018 жылдың жылыту маусымынан бастап осы құрылғыны орнатуға тілек білдірушілер табылды.
Біздің қызметкерлер авариялық-құтқару және жедел қызметтермен байланысты әлеуетті-қауіпті объектілерді, адамдар жаппай жиналатын объектілерін бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру арқылы, тәуекелдерді басқару бойынша мәселелерге және шешімдерге іздестіруді жүргізіп жатыр. Адамдардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне тек төтенше жағдайлар органдары ғана жұмыс істеп жатқан жоқ. Министрліктердің бірінде мамандар авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырту ақпараттық жүйесін құру жобасына жұмыс жасап жатыр.
Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақырту ақпараттық жүйесінің басты мақсаты – автожолдарда қаза болудың санын төмендету жағдайларын қамтамасыз ету және жол көлік оқиғалары немесе басқадай төтенше жағдайлар кезінде жедел қызметін шақырту құралын тиімді құру жолы арқылы құтқару іс-шараларының нәтижесін жоғарылату.
Жүйе мынадай тәсілмен жұмыс істейтін болады. Авария, (қатты соққыда) соққы немесе аударылу кезінде датчик іске қосылады, шұғыл қызметін шақырту құралын белсендіре отыра, жол көлік оқиғасының болған жері туралы ақпаратты 112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметіне (диспетчердің электрондық картасына), сонымен қатар авария туралы қосымша ақпаратты алу үшін диспетчер мен жүргізушінің арасында дыбыс байланысы ұйымдастырылады. «SOS» нүктесін қолмен басқан кезде штаттан тыс жағдайды диспетчерге ақпараттандыру үшін дәл осылай жетеді.
Мамандардың пікірі бойынша, «цифрлық экономика» өздігінен жұмыс атқармайды. Жалпы экономика бар, кейбір салаларда автоматизация сіңісіп кеткен , ал кейбір салаларда - аздау.
Цифрландыруды іске асыру бойынша міндеттер азаматтық қорғау жүйесіне құтқару қызметтерінің жедел ден қоюлары үшін, табиғи төтенше жағдайлардың туындау қатерлері туралы халықты құлақтандырудың жаңа аса тиімді түрлерін енгізуге мүмкіндік береді.
 
Абай Темірбаев
Павлодар облысы ТЖД бастығы