25 Alm obl Prezid 1 2018 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттеріне арналды.
Әлем терең және қарқынды өзгерістер дәуіріне енеді – технологиялық, экономикалық, әлеуметтік. Қазақстанның жетекші елдер қатарына кіру үшін қажетті барлық нәрсе бар. Жаңа әлемде сәтті навигация мен бейімделу үшін бізге 10 міндет шешу керек
25 Alm obl Prezid 2 Осыған байланысты 2018 жылдың 5 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 11-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында онлайн-режимінде Мемлекет басшысының Жолдауы көрсетілімі өткізілді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы біздің еліміздің әлемдік дағдарыс жағдайындағы іс-қимылына арналды.
Мемлекет басшысы өз сөзін бес маңызды бөлікке бөлді:
1. Халық табысының өсуі.
2. Өмір сүру сапасын арттыру.
3. Жайлы өмір сүру ортасын құру.
4. Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік аппарат.
5. Тиімді сыртқы саясат.
Белгіленген даму бағыттарының әрқайсысында президент Үкімет алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.
Жиналыс соңында Департаменттің бастығы Д. Байсариев әр қызметкерді аталған Жолдауды жүзеге асыруға шақырды.
 
Алматы облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі