24 Poslanie 1 Қазақстан Республикасының халқына Президенттің Жолдауы – ол елдік одан әрі негізгі бағыттар анықталған, басты мақсаттар қойылған, Қазақстанның жаңа даму белестеріне нақты қадамдар жасау үшін құралған нақты бағдарламалық құжат.
2018 жылдың 5 қазанында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ басқару аппартында, қалалық және аудандық бөлімшелерінде жиналыс өтті. Бұл Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы қоғамның ең өзекті мәселелерін қозғады. 24 Poslanie 2 Халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы – міне осы 6 мақсатты ҚР Президенті барлығының алдына қойды. Президенттің Қазақстан халқына берген бұрынғы Жолдауы 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланды. Оған ел дамуының 10 басым бағыттары кірді.
«Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы еліміздің инфрақұрылымын жаңартатын «Нұрлы жол» кешенді бағдарламасын іске асыруды бастадық. Үш жыл бұрын «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жарияладық. Содан кейін еліміздің Үшінші жаңғыруына кірістік. Оның басты міндеті – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады. Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз», - ел Бастығы атап өтті.
Қостанай облысы ТЖД өртке қарсы қызмет гарнизоны Мемлекет басшысының Н.Ә. Назарбаевтың толығырақ түсіндіруін үлкен қызығушылықпен тыңдады, алғысын білдірді және өздерінің өкілеттіктері шегінде оларды іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. Келе жатқан күрделі кезең біз үшін жеңу уақыты болады. Қазақстан халқы жаңа жаһандық дағдарысты жеңіп шығатын болады. Біздің Қазақстан дамудың жаңа кезеңдеріне жетеді!
 
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі