2018 жылдың 5 қазанында филиалдың аппарат басқрмасында және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» нысанын өрттен қорғайтын «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалының № 16 өрт сөндіру авариялық құтқару бөлімінде Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын тікелей трансляциядан тыңдау ұйымдастырылды.
Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша өзекті мәселелеріне арналған. Бұл жолдау Президенттің биылғы екінші жолдауы.
Алғашқы жолдау қаңтар айында өтті және ол төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына еліміздің жаңа мүмкіндіктерге дамуына арналды.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтерілетіні тыңдауда белгілі болды. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.
Сондай-ақ, ішкі істер органдарын жаңғыртуда 2019 жылы жол картасы бойынша полиция қызметкерлері қайта аттестаттаудан өтуі туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет екендігін атап өтті.
Халқымыздың бай-қуатты өмір сүруі және әл-ауқатының өсуі басты басымдылық болуы тиіс.
 
«Өрт сөндіруші» АҚ
Атырау облысы филиалы