17 2018 жылдың 9 қазанында Талдықорған гарнизонының жеке құрамымен дөңгелек үстел өткізілді. Тақырыбы: Президент жолдауы «Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттер».
Президент жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге қатысты. Елбасының айтуынша, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру керек. Сапа кез келген мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі болуы тиіс. Өзін-өзі жетілдіру-басты қағидат. Сонымен қатар, Президент өз жолдауында «ІІМ қызметінің негізгі бағалау критериялары – әлеумет тарапынан сенім және қауіпсіздік сезімі болуы тиіс, полиция қызметкері жазаламайды, көмектеседі», - деп атап айтты. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, өз өмірлерін қыя отырып, қылмыспен күрестің алдынғы шебінде тұрып, азаматтарды қорғайды. Елбасы Тәуелсіздік жылдарының басынан осы күнге дейін 770 полиция қызметкерлері қайтыс болғанын еске түсірді.
Айта кетерлік, бұл биылғы жылы Президенттің екінші Жолдауы. Біріншісі Мемлекет басшысының ресми сайтында осы жылдың қаңтар айында жарияланды және ол Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында ел дамуының жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Алғашқы ресми жолдау 1997 жылдың 16 қазанында айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде ұзақ мерзімді басымдықтар ретінде ұлттық қауіпсіздікті, ішкі саяси тұрақтылық пен экономикалық өсуді атады.
 
Алматы облысы ТЖД
Талдықорған қ. ТЖБ