30 Jambyl Otzyv Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмысының сапасының арттыру», менің көзқарасым бойынша бұл жолдау тұтастай қарапайым азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін, әл-ауқатын өсіруге бағытталған ахуалды әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналған.
Егер Елбасы алдынғы халыққа жолдаған жолдауында инновациялық даму және «ақылды» технологияны енгізу мәселелері туралы айтылған болса, ал бұл жолы Қазақстан азаматтарының тұрмысының сапасы мен кірістерін ұлғайту қажеттілігіне және әлеуметтік ортаның өзгеруіне назар аударылған.
Мұнда онымен қатар, жемқорлықпен, бюрократиямен, формализммен, тариф бағаларының өсуімен күресу және шағын бизнесті қолдау мәселелері талқыланды. Мемлекет пен экономика секторы да қолдаусыз қалған жоқ, онда «экономика - экономды болу қажет» деген үндеу айтылды. Халықтың тұтыну тауарларының ауқымды номенклатурасын өндіруді игеру ұсынылды.
Президенттің ең төменгі жалақы мөлшеріне көңіл аударғаны қуантады, ол 2019 жылдың басынан бастап бір жарым есеге көбейетін болады. Ол халықтың денсаулығына, отандық медицинаны жетілдіруге, білім мен ғылымға, мүмкіндіктері шектеулі қазақстандықтарға шексіз орта құруға үлкен көңіл аударды, сонымен қатар мемлекеттік аппараттық тиімділігін көтеруге, онда азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы негіз болып табылады. « - Адам еңбекқор болып, өз кәсібін өз кәсібін жақсы меңгерген кезде табыс артады...». Сонымен қатар, 4 мемлекеттік органдарды енгізілген еңбек ақы төлеудің жаңа модель бойынша пилоттық жобалар жақсы нәтижелерді көрсеткені туралы айтылды. Бұл адам құндылығын әділ бағалау және Қазақстанда өмір сүруге және жұмыс жасауға жайлы жағдай жасалатын уақытттың басталғанын айғақтайды.
 
Бағдат Данилов
Жамбыл облысы ТЖД бастығы