22 Karaganda 1 Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Еременко Наталия.
Қазақстан – заманауи экономикасы серпінді дамып жатқан озық мемлекет. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев әрбір жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайының және өмір сапасының артуына ерекше назар аударады.
Зулап өзгеріп жататын әлем аясында 2019 жылы Қазақстанды не күтуде? Қандай реформалар? Бүгінде жаһандық және жергілікті мәселелер астасуда. Бұл жағдайда мемлекеттің жағдайы табыс көрсеткіші мен өмір сапасына байланысты. Адамның еңбекқор, өз ісінің шебері, жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты табыста өседі. Минималды жалақы мөлшерінің өсуі, жаңа «7 - 20 - 25» ауқымды бағдарламасының арқасында тұрғын үй ипотекасын алу мүмкіндігі бар. Сапалы және қолжетімді білім, денсаулық, тұрғын үй – осының барлығы өмір сапасының артуына бағытталған.
Егер біз өзіміздің бірлігіміз бен татулығымызды сақтасақ, Біз үшін бағындырмас белес жоқ.
22 Karaganda 2 Бірыңғай кезекшілік-дипетчерлік қызмет басқармасы жедел кезекшісінің көмекшісі Бохайева Динара.
Елімнің азаматы ретінде Президенттің жалақы мөлшерін жоғарылату бойынша тапсырмасы қуантты. Адамдар үшін бұл үлкен қолдау. Қазақстан өз еңбегінің арқасында күн көріп жатқан қаншама адамға көмек беруге бағытталған қадам жасауға мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта жастар, жастардың даму моделі мүлдем бөлек. Жастарды форум, семинар және басқа да шаралар арқылы тарту уақыты өткен. Бүгінде нақтылық уақыты туды. Жас мамандарғы өз күшімен дамуға мүмкіндік беретіндігі, даму үшін механизм ұсынатындығы қуантады. Қазір жастар көп, әрқайсысының дауысы естілуі қажет. Жастар өздеріне жауап береді және әрекет ете алады. Сондықтан, 2019 жыл даму жағынан жастар үшін өзгеріске толы болады.
Барлық жағдай жасалған, біздің тарапымыздан өзіміздің есейгендігімізді көрсететін процесстерге атсалысу керек.
Жастар жолдауды іске асыру кезінде сыртынан бақылаушы емес, белсенді жолсерік, осы процесстің негізгі әрекет етуші тұлғасы болуы қажет.
22 Karaganda 3 Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Бахтияр Марлен.
Менің түсінігімде - біздің республикамыздың Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық және жергілікті проблемалар өзара тығыз байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты біз жұмысқа деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Негізгі басымдық - табыс пен өмір сапасының тұрақты өсуіне байланысты қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы болуы қажет.
Менің ойымша, біздің әрқайсымыз өзіміздің кәсіби біліктілігімізді жақсартуға, жеке өсу деңгейін көтеруге көңіл бөлуіміз керек, қоғамның дамуы және тіпті экономиканың өсуі әр адамның қосқан үлесіне байланысты, себебі тек бірлескен күшпен ғана заманауи қоғам құра аламыз.
Мен үшін Президент атап өткен маңызды аспектілердің бірі - өмір сапасын жақсарту. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүру сапасы мен қолжетімділігі мәселесі әрбір қазақстандық отбасына қатысты.
Әрқайсысымыз реформалардың жетістігі оның маңызын түсінуіне және Қазақстанның өркендеуі үшін мүмкіндігіне байланысты екенін түсінуіміз қажет. Президент ұсынған реформаның табысты жүзеге асырылуы үшін бәріміз бірігіп, күш жұмсауымыз керек.