15 Karaganda obl otzyv 1 Т.Д. Исаев, Техникалық қызмет және хабарландыру бөлімінің бас маманы:
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы біздің еліміз үшін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады, өйткені Мемлекет басшысы біздің қоғамымыздың дамуының негізгі факторларын айқындайды. Осы жолдаудың басты мақсаттарының бірі халықтың кірістерінің өсуі болып табылады. Соңғы жылдары елімізде фабрикалар, медициналық орталықтар, тұрғын үй құрылысы және тағы басқалар белсенді түрде салынып жатыр. Бұл, өз кезегінде, жұмыссыздықты азайтады және табыс тұрақтылығын арттыруға көмегін тигізеді. Мен біздің мемлекетіміздің тағдырына бей-жай қарамаймын және бұл жолдау жүзеге асырылады деп үміттенемін. Мен Президентімізді толықтай қолдаймын және менің ойымша, біздің еліміз бәсекеге қабілетті болады.
15 Karaganda obl otzyv 2 Темирбаева Динара, Біріңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасы жедел кезекшісінің көмекшісі:
Мемлекеттегі ең маңыздысы – қоғам. Медицина мен қазақстандықтардың ішкі әлеуетінің дамуы тұтастай елдің дамуының негізі болып табылады. Өз Жолдауында Президент қоғамның барлық салаларына, атап айтқанда, білім беру, медицина және ғылымға ерекше назар аударады. Мемлекет жеткен жетістіктермен тоқталмауы керек, әрдайым даму үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуі керек.