14 Karag obl Poslanie 1 Қарағанды облысы ТЖД бастығы И.Д. Күлшімбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев жолдауының негізгі тұстарын жеке құрамға түсіндірілді.
Жеке құрамға жолдаудың артықшылықтары, мемлекеттің әрі қарай дамуы үшін алға қойылған міндеттер жеткізілді, Қазақсанның әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық дамуының негізгі бағыттары және оларды іске асыру жолдары айқындалды.
Елбасының Жолдауында алдағы уақытта мемлекеттің дамуы үшін қажетті барлық жоспарлар бар, сол мақсаттарға жететін барлық жолдар көрсетілген, үкіметке, барлық іске атқарушы органдарға, тәуелсіз елдің әрбір азаматына нақты тапсырмалар жүктелді.
14 Karag obl Poslanie 2 И.Д. Күлшімбаев жаңа саяси құжатта көрсетілген мемлекет қызметінің басым бағыттарына тоқтала кетті.
«Біз үшін Ішкі істер министрлігі де, Төтенше жағдайлар комитеті де жолдауда қарастырылған тапсырмаларды іске асыру аясында іс-шараларды анықтайды, ал бізге алға қойылған барлық мақсаттардың сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқында жолдауындағы міндеттердің табысты шешілуіне өз күштерін, білімдері мен дағдыларын салатындығына сенемін», - деп Күлшімбаев Ибрагим өз сөзінде атап өтті.
Жиналыс соңында Департамент бастығы Елбасының халыққа жолдауын ТЖД бөлімшелерінде насихаттауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
 
Қарағанды облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы