12 Almaty ruhani Zhangyrty 1 Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасындағы баса назар аударған басты бағыт болашаққа көзқарас деп аталады. Бұл бағдарламада мемлекет Басшысының пікірінше, біз төл мәдениетімізді және өзіміздің ұлттық кодымызды сақтауымыз керек. Қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарының бірі патриотизм сезімін қалыптастыру болып табылады. Патриотизм – өзіңнің туған жеріңе, ауылыңа, қалаңа, өз Отаныңа деген сүйіспеншіліктен басталады.
12 Almaty ruhani Zhangyrty 2 Мемлекеттiк институтар, соның iшiнде құқық қорғау органдары, тұлғаны құқықтық сауаттылығы және құқықтық мәдениеті дамыған адамға тәрбиелеуі керек. Осының аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеуге, қызметкерлердің мәдени демалысына және олардың отбасы мүшелеріне арналған іс-шараларды өткізіп отырады.
Жақында департаменттің кадр жұмыстары бөлімі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамын ұйымдастырып, Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына концертке барды.
12 Almaty ruhani Zhangyrty 3 Концерт Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы жаңа маусымының ашылуына арналған. Келесі жылы аталған ұжым 80 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Капелла – халықаралық деңгейдегі ұжым. Жақында вокалистер Қытайдағы халықаралық фестивальден оралды.
Хордың репертуарында халық әндері мен күйлері, орыс және шетел классиктерінің көрнекті композициялары-сюиталар, өлеңдер, кантаталар және ораториялар, Қазақстанның қазіргі заманғы композиторлары- М. Төлебаев, Б. Баяқадамов, Е. Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, М. Сағатов, С. Мұхамеджанов, Қ. Қожамияров, М. Маңғытаев, З. Тұрсынбаевалардың шығармалары бар. Капелла Қазақстанның өңірлеріне және шетелге гастрольге шығып тұрады.
Концерттен Құтқарушылар өздерінің жұмыс күндерін уақытша ұмытып, көптеген жақсы әсерлер алды.
Ұлттық театрларға осындай сапарлар арқылы азаматтық қорғау қызметкерлерінің патриоттық сезімін нығайтуға және тарихи құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу керек. Мұнда құтқарушылар еліміздің мәдени мұрасы туралы ақпараттар алу үшін тамаша мүмкіндікке қол жеткізіп, сонымен қатар көптеген жағымды әсерлер ала алады.
Классикалық өнер және халық шығармашылығы патриотизмді және құтқарушыларымыздың рухани қажеттіліктерін нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
 
Алматы қаласының ТЖД
баспасөз қызметі