10 Poslanie 2018 жылғы 11 қазанда ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары М.М. Күлдіков кәсіби қызметтік дайындық сабақтарында жеке құрам алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.
Өз сөзінде Кульдиков М.М. Жолдауда айтылған 5 мақсатқа тоқталды: халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат.
Жолдауда Үкіметке, мемлекеттік органдардың әрбір басшысына, мемлекеттік компанияларға жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту қажет екендігі атап өтілді. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы басты басымдық болуы тиіс. Жаңа форматтағы мемлекеттік қызметкерлер мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуы тиіс. Бұл тұрақты кері байланысты, адамдарға нақты шаралар мен мемлекеттік саясаттың нәтижелерін түсіндіру мен талқылауды көздейді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ішкі істер органдарын жаңғырту және реформалау жоспарланып отыр. «Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы» әзірленетін болады.
Ал негізгі 5 міндеттерге қол жеткізу үшін барлық қажетті бағдарламалық құжаттар бар, олар: «7 - 20 – 25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да бағдарламалар.
Баяндамашы тындаушылардың назарын Жолдауда айтылған экономикадағы жаңа тәсілдемелерге, негізгі басымдықтарға аударды. Негізінен әрбір басымдық бағытта жұмыстың қорытындысы бейнеленген, дайындық базасы әзірленді және қойылған мақсаттарға жету үшін қандай міндеттерді жүзеге асыру керек екені көрсетілген.
Жолдауды жүзеге асыруда жауапкершілік Үкіметке де, еліміздің болашағы үшін Мемлекет басшысы қойған мақсаттарға жетуге өздерінің күші жетерлік үлесін қосуға қабілетті барлық азаматтарға да жауапкершелік жүктеледі.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі