30 SKO poslanie 1 Жұмыстың қорытындысын шығару – кез келген мемлекеттік орган қызметінің маңызды кезеңі. Бұл іс-шараның қазақстандықтардың қауіпсіздігін қорғауда тұрған құқық қорғау органдары жүйесінде маңызы зор.
Жақында СҚО ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың төрағалығымен селекторлық режимде жедел кеңес өтті.
Оның барысында 2018 жылдың III тоқсанындағы жұмыс қорытындылары және жақын арада олардың алдында тұрған міндеттер туралы баяндаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары тыңдалды.
30 SKO poslanie 2 Кеңестің бірінші мәселесі Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Осы құжаттың негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев сөз сөйледі. Ол Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері басшыларының назарын Елбасы мәлімдеген әлеуметтік-экономикалық саладағы жобалардың, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік қызметтегі өзгерістердің маңыздылығына аударды.
«Президент тұрғын үй жағдайын, қазақстандықтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруін жақсарту үшін кең мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударды. Ең бастысы – адамдардың игілігі, Республика азаматтарының толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау», - деп атап өтті Нұрлан Сейітжанұлы. Осы Жолдаудың ережелерін Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов түсіндірді. Ол құқық қорғау органдарының қызметіндегі терең және сапалы өзгерістер тікелей азаматтық қорғау органдарына қатысты екенін айтты. «Бірінші кезекте біз халықпен өзара іс-қимыл сапасына, қызмет көрсету бойынша жұмыстың жеделдігіне, кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет», - деп атап өтті Рамиль Фаткулович.
Жолдаудың талқылануы тірі атмосферада өтті, қатысушылар осы бағдарламалық құжаттың ережелерін іс жүзінде іске асыру механизміне қызығушылық танытып, мемлекеттің ұзақ жылдарға арналған дамуындағы маңызын атап өтті.
 
Мақпал Әлімкина
СҚО ТЖД аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты