17 Atyrau Poslanie 1 Атырау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінде 26.10.2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.
Жолдауда азаматтардың әлеуметтік жағдайының өсуіне бағытталған кешенді шаралар қабылданған. Соның ішінде, халық табысының өсуіне аса назар аударылған.
Атап айтқанда, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру тапсырылған.
17 Atyrau Poslanie 2 Бұдан басқа, тұрмыс сапасын арттыру мәселелері де назар тыс қалмаған.
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысы барлығы ескеріліп, Үкіметке әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарау тапсырылғанына назар аударылды.
Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер енгізуді 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылу жоспарланған.
Реформалар Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландыруға, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылтуға, үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттау көзделген.
Бұл өзгерістер өз кезегінде полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді.
Аталған реформаларды жүзеге асыру үшін барлық қызметкерлер қайта аттестациялаудан өтуі тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады.
Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес өз жалғасын табады. Осы орайда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу жұмыстары жүзеге асырылады.
Қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықталатын болады.
Ең бастысы, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы еліміздегі өзгерістерге ат салысу қажетті, жүргізіліп жатқан реформалардың маңызын және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс.
 
Атырау облысының ТЖД заң тобы