21 PVLDr poslanie «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ. Гарнизонның мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының өкілі Дастан Амантайұлы Козубаков және қалалық мәслихаттың депутаты Виктор Георгиевич Дэймундпен жеке құрамның кездесуі өтті.
Кездесу барысында қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жаңа Жолдауының негізгі бағыттары туралы әңгімеледі. Спикерлер қазіргі кезеңде күрделі міндеттер тұрғаны және біріккен күш арқылы ғана биік шыңдарға қол жеткізе алатынымызды атап өтті. Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың республикамыздың өркендеуі ісіндегі маңыздылығын нақты түсінуі тиіс. Елбасы өзінің әрбір Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Кездесу соңында «Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары А.А. Алдажаров өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау туралы айтты.
Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Ақтоғай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің және № 20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Семинарды Ақтоғай ауданы ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Утепов ашты. Қатысушылар алдында Жолдауды түсіндіру бойынша аудандық филиалының бірінші орынбасары Б. Алханов сөз сөйледі. Ол Президенттің алға қойған міндеті туралы айтып, қатысушыларды негізгі бағыттармен таныстырды. Семинар соңында қызметтік-әскери тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері талқыланды.
 
Павлодар облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Ақтоғай ауданының ТЖ бөлімі