26 PVLDr Ruxani Zahngyru 1 Мемлекет басшысы Н. Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі – өз ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау болып табылатынын атап өтті, бұнда іргетасының негізі – патриотизм.
Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлармен біріге отырып, патриотизм ұлттық идеяға ие болады. Осыған байланысты патриотизм мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады және оның негіздерінің бірі өзінің кіші Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікте қаланады.
26 PVLDr Ruxani Zahngyru 2 Бірақ біздің Президентіміз өз мақаласында жас ұрпақты зерттеуге, өзінің шағын отанын білуге және сүйетініне үлкен көңіл бөледі. Облыстың әр аймағында шығу тарихымен, мемлекеттің қалыптасуымен байланысты орындар бар, онда рухы күшті, өз Отаны үшін жауапты адамдар өмір сүреді. Соның бірі азаматтық қорғау қызметкерлерімен кездесуде болған, Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Шәкіров Қорабай Шәкірұлы құрметті азаматы болып табылады.
К.Ш. Шәкіров осы ауданның тумасы. Орта мектепті тәмамдаған соң Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына түседі. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін туған өлкесіне оралады. Ауданда жиырма жылдан бері әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, ал 8 жыл Баянауыл ауданының әкімі болды. 2011 жылы Павлодар облысы әкімінің көмекшісі лауазымында зейнетке шықты. Ол Баянауыл, Ертіс аудандарында, сондай-ақ Павлодар облысында құрметті тұрғын болып табылады, "Құрмет" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
ТЖ бөлімі мен №28 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесуде Қорабай Шәкірұлы қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау туралы айтып, біздің ұлттық салт-дәстүріміз, тіл және музыка, әдебиет бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бізбен мәңгілік қалуы тиіс екенін атап өтті. "Менің ойымша, туған өлкемді зерттеуде өте маңызды сәт – біздің бірегей ауданымыз бай мұражайларға, мәдени көрікті жерлерге, табиғи нысандарға бару".
Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі басты жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Кездесу барысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы адамның өлкемен, туған жерлермен байланысын нығайтуға, ғылыми-білім беру және инфрақұрылымдық қолдауды қамтамасыз етуге — туған өлкенің тарихын, географиясын, нысандарын зерттеуге, оны абаттандыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Соңында Қ. Шәкіров Президенттің мақаласы еліміздің барлық өңірінде маңызды қоғамдық-мәдени оқиға екенін атап өтті.
 
О. Түсіпов
Павлодар облысы ТЖД
Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы