26 Aktobe Poslanie 2018 жылдың 8 қарашасында №4 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылар бөлмесінде 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жолдауын талқылау бойынша Ақтөбе облысының №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен кездесу өтті.
Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.С Утегенов өз сөзінде ҚР Президентінің Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың, соның ішінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселелеріне арналғанын атап өтті.
Іс-шара барысында өрт сөндірушілер Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылады.
Сонымен қатар, ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.С. Утегеновтың төрағалығымен Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Ш. Адильбеков және ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Т. Айткуловпен бірге жеке құраммен тәртіптің, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі мәселесі қарастырылды.
Кеңес барысында Департамент бастығының орынбасары Е.С. Утегенов тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізіп, жеке құрамның сұрақтарына жауап берді. Кадр жұмысы бөлімінің бастығы Е.Ш. Адильбеков тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы ҚР ІІМ шолуларын жеткізді және жол қозғалысы ережелерін бұзудың негізгі шараларын түсіндірді.
Сонымен қатар жеке-тәрбие жұмысының күнделіктері тексеріліп, оларды құрастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Жұмыс тобы өрт сөндіру бөлімі мен жатақхананың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.
 
Ақтөбе облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі