28 Mang Poslanie 1 Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы халыққа Жолдауының негізгі міндеттерін талқылау мақсатында облыстық өрт сөндіру бөлімшелерінде кездесу өткізді.
28 Mang Poslanie 2 Кездесу барысында халық табысының деңгейін көтеру, білім беру мен денсаулық сақтаудағы сапаның жаңа деңгейі, инфрақұрылымды одан әрі дамыту және индустрияландыру, бизнес-климатты жақсарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мәселелері талқыланды.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы - Қазақстан халқының әл-ауқатын одан әрі арттыруға және жаһандық жағдайларда біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған әлеуметтік және экономикалық реформалардың қуатты пакеті.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы