36 Kostan Ruhani Zhangyru 1 2017 жылғы 12 сәуірде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған мақаласы жарияланды. Рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту - президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстың негізгі мақсаты осындай.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты кіші бағдарламадан тұрады: «Туған жер», «Қазақстанның сакральдік географиясы», қазіргі қазақстандық мәдениет, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары» және қазақ тілінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшу жобасы. Азаматтардың «санасын жаңғырту» кезінде негізге алынатын негізгі қағидаттар – бұл бәсекеге қабілеттілік, ұтымдылық, прагматизм және эволюциялық даму.
36 Kostan Ruhani Zhangyru 2 Қазақстан жаңа тарихи кезеңге кірді. «Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру» - мемлекет Басшысының еліміздің экономикалық дамуын ғана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа әсер етудің нысандары мен әдістерін қайта қарауды, нағыз патриотизмді тәрбиелеуді талап ететін басты ойы. Ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейі Қазақстанның рухани жаңғыруының маңызды факторына айналуы тиіс.
Осы бағдарламаны орындау үшін ҚР ІІМ-де ішкі істер органдарының имиджін арттыру көзделген іс-шаралар жоспары қабылданды. «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін белсенді жұмыс жүргізілуде, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының құзыретті өкілдерін шақырумен дөңгелек үстелдер, оқу-әдістемелік жиындар, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті туралы дәрістер өткізіледі. Тәрбие жұмысын жүргізу барысында аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақалалары жеткізіледі. Мектеп оқушылары, колледж студенттері үшін «Ашық есік күні» акциясы үнемі өткізіледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында еліміздің президенті ұсынған идеялар тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл халықаралық қауымдастық үшін де қазіргі заманғы трендтерді негізге алады. Бұл бағдарлама қазақстандықтарды рухани-адамгершілік ахуалдың жаңа деңгейіне шығаруға бағытталған. Мемлекет басшысы әлемдегі дамып келе жатқан жағдайға баса назар аударып, бізді өзінің тарихи мұрасын жоғалтпай, өзінің рухани тамырларынан арылмай, алға жылжуға шақырады.
 
Ерболат Сатыбалдыұлы Ақдәулетов
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
бастығының орынбасары